Қазақстанда университеттік клиникаларды дамытуға басымдық беріледі

Қазақстанда университеттік клиникаларды дамытуға басымдық беріледі

Қазақстанда университеттік клиникаларды дамытуға басымдық берілетін болады. Медициналық оқу орындарының жанынан көпсалалы ауруханалар құру – ісі жалпы әлемдік деңгейде белең алған үрдіс.

Салалық білім беру ошақтарының қабырғасындағы клиникалар емдеу мекемелерінің тәжірибесі негізінде халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау саласының алға басуына сеп болады, - дейді сарапшылар. Оған қоса студенттер оқу жүйесіндегі теориямен бірге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ ғылыми зерттеулер жасап, жаңа медициналық технологияларды іс жүзінде ендіруге үлес қоса алады.

ДАЙНЮС ПАВАЛЬКИС, АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Университеттік госпитальдарда өзіміздің студенттермен бірге интерндер мен резиденттерді оқытуға болады. Сондықтан университет клиникасы мен оқу үрдісінің үндестігі жалпы Қазақстанның медициналық оқу жүйесінің дамуына ықпал етеді деп санаймын. Ол үшін алдымен білім мен университет қабырғасында құрылатын медициналық ауруханаларды біріктіретін инфрақұрылым жасау қажет. 

Фото: podrobnosti.ua