Елбасы кітапханасы мен Гейдар Алиев қоры өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Елбасы кітапханасы мен Гейдар Алиев қоры өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Гейдар Алиев қоры өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл құжаттың мақсаты – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Әзербайжанның белгілі мемлекеттік қайраткері Гейдар Алиевтің идеялары мен бастамаларын кеңінен таныту, сондай-ақ жастар саясаты саласында және бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастық орнату болып отыр. Қос тарап екі елдің мәдениет және ұлттық мұраларын паш ететін конференция, көрмелер мен кездесулер өткізуді жоспарлаған.

ӘМІРХАН РАХЫМЖАНОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Конференциялар мен кездесулер Қазақстан Тұңғыш Президентінің идеялары мен бастамаларын халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Болашақта да тәжірибе алмасып тұрамыз деген ойдамыз. Бірлескен іс-шаралар ынтымақтастықты одан әрі дамытуда жақсы нәтиже береді.

СОЛТАН МАМЕДОВ, ГЕЙДАР АЛИЕВ ҚОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

 - Осы жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоры және кітапханасымен бірлесіп, Әзербайжанда, Қазақстанда, сондай-ақ шетелде екі басшының мұрасын кеңінен танытуға бағытталған шаралар өткізуді көздеп отырмыз. Қол қойылған құжат бірлескен мәдени, әлеуметтік, ағарту жобаларын жүзеге асыруға жол ашады.

Фото: presidentlibrary.kz