Қазақстан – өркениет бесігі

Қазақстан – өркениет бесігі

Қазақстан қойнауы қазынаға толы бай өлке ғана емес, сонымен қатар археологиялық ескерткіштерге де бай ашық аспан астындағы мұражай болып табылады. Олар отандық мамандар арасында, сонымен қатар шетелдік археологиялық ғалымдар арасында да қызығушылық тудырады.

ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, АРХЕОЛОГ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

-  Мұнда жүргізілген жұмыстар үлкен халықаралық маңызға ие. Еуразиялық дала кеңістігінің ежелгі тарихының мәселелерімен айналысатын біздің әріптестеріміз Шығыс Қазақстан мен Қазақстанда қандай жаңалықтар болып жатқандығын білу үшін аттанады.

Тек соңғы 50 жылда қазақстандық ғалымдар елеулі археологиялық жаңалықтар ашты. Соның бірі – Ыстықкөлде табылған «Алтын адам». Осыған ұқсас Қазақстанның өзге өңірлерінде жауынгерлердің қалдықтары бар жерлер табылды. Ғалымдардың айтуынша, археологиялық қазбалар Ұлы Дала елінің ежелгі тарихын қалпына келтіріп, оны атадан балаға мұра етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Бұның барлығы еліміздің өткеніне ғана емес, бүкіл адамзатқа жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туғызады.

ҒАЛИЯ ӘЛІМЖАНОВА, «ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бұл артефактілер – ғасырлар мен жылдар бойы жер қойнауында сақтаулы жатқан, әрі қарай зерттеуді қажет ететін құнды дүниелер.  Мүмкін, әрі қарай жасалатын қазба жұмыстар қалған мәліметтерді табуға көмектесер. Барлық сертификаттаудан және тиісті рәсімдерден өткеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары өткізіліп, экспозициядан өз орнын алатын болады.

РАХЫМ БЕКНАЗАРОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ПРОРЕКТОРЫ:

 - Қазіргі уақытта, біз ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциямен, Ұлттық мұражаймен, Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлихановтың археология институтымен археологиялық және қазақстандық мәдени ескерткіштер жөніндегі бірлескен зерттеулер жүргізудеміз.

Бүгінгі күні ғалымдар мұқабасы қалың тарихтың белгісіз беттерін ашуда. Олардың барлығына негізінен мұрағаттардың арқасында қол жеткізілген. Бұл түркітілдес халықтардың мәдениетінің қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ондаған кітаптарда жазылған.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Алтын Орданың 750 жылдығы, Моғолстан мен Тараз құрылтайының 750 жылдығы, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» 950 жылдығы, шайыр Нәсимидің 650 жылдығы сияқты мерекелермен тұспа-тұс келіп отырғандықтан, біздің жиындарымыз да осыған арналады. 

Айта кетсек, Еуропа ғалымдарын қазақстандық археологтардың зерттеулері қызықтыруда. Мысалы, германиялық әріптестер Қазақстан-Ресей бірлескен археологиялық экспедициясының Шығыс Қазақстан облысындағы жоғары палеолит кезеңіндегі ескерткіштің бастапқы қазба жұмысының қорытындысына  назар аударды.   Бұл – заманауи адам пайда болған кезең.  Қазақстандық  зерттеушілердің айтуынша,  алда тағы жаңа ашылулар күтіп тұр, олар ата-бабалары жайлы бұрын соңды ашылмаған фактілерді  бүкіл әлем назарына ұсынатын болады.

Фото: sputniknews.kz