Қазақстанда ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады

Қазақстанда ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады

Қазақстанда ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ел Үкіметі тиісті келісімге қол қойды. ЮНЕСКО-ның қолдауымен жұмыс істейтін құрылым Орталық Азиядағы мәдениатаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, конференциялар ұйымдастырады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қырының» бағдарламалық мақалада көрсетілген басым бағыттарын тілге тиек етті. Сондай-ақ «Жастар жылына» арналған іс-шараларға қатысты мәселелерге тоқталды. ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азуле Қазақстанның халықаралық ұйымның жұмысына қосқан үлесіне тоқталды.

ОДРИ АЗУЛЕ, ЮНЕСКО-НЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

-  Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру туралы келісімге қол қою үшін бас қосқанымызға қуаныштымын. Бұл орталық ЮНЕСКО-ның ажырамас бір бөлігі болмақ. Құрылым алдағы уақытта мәдениетаралық диалогты ілгері дамытуға мүмкіндік беріп, байланысты бекемдей түседі.

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл өте маңызды. Өйткені қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асып жатыр, ол бойынша елімізде көптеген объектілер табылып жатыр. Оның ішінде ежелден келе жатқан, сонымен қатар, материалдық емес көптеген біздің мұраларымыз бар. Оның бәрі болашақта осы ЮНЕСКО-ның тізіміне кіреді деген ойдамыз. Ал оны осы ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізу үшін көптеген зерттеулер болады, ғылыми бағалар болады. Оның барлығы ЮНЕСКО-ның эксперттерімен бірге қаралатын жұмыс.

Фото: egemen.kz