Елімізде «Киелі Қазақстан» атты экспедиция бастау алды

Атпен саяхат жасауды туризмнің бір бағыты ретінде дамыту. Бұл – отандық туриндустрияның өзекті тренді. Елімізде бірегей жоба – «Киелі Қазақстан» атты экспедиция бастау алды. Құрамы танымал саяхатшылардан, блогерлер мен журналистерден жасақталған топ Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағымен жүріп өтеді. Олар Бұйратау және Баянауыл ұлттық бақтарына аялдайды. Күн сайын шабандоздар 50-60 километр қашықтықты еңсеріп, жақын маңдағы ауылдарға тоқтайды. Экспедиция қорытындысы бойынша, елде атпен саяхат ұйымдастыру үшін ең оңтайлы деп танылған бағыттар анықталады.

ҚАЙРАТ СӘДУАҚАСОВ, «KAZAKH TOURISM» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Әлемде атпен саяхат жасаудың бағыттары деген сұраныс жақсы. Осы экспедиция аяқталғаннан кейін, барлық нәтижелер бизнес-қоғамдастыққа таныстырылатын болады. Олар өз кезегінде осы бағыттарды құрып, қайтарымды инвестиция жасау шараларын анықтау қажет.  

29 маусымға дейін қатысушылар Павлодар облысындағы Жасыбай көлінің соңғы нүктесіне жетеді деп жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға және салт-дәстүрді насихаттауға үлкен үлес қосады.

Фото: inform.kz