Қазақстандық 80-нен астам ЖОО халықаралық аккредитациялаудан өтті

Қазақстандық 80-нен астам ЖОО халықаралық аккредитациялаудан өтті

Қазақстан білім беру сапасын арттырып, Жоғары оқу орындары түлектерінің еңбек нарығында бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етуге басымдық береді. Бұл бағытта елдегі білім беру мекемелерін халықаралық аккредитациядан өткізу үрдісінің маңызы айрықша. Бүгінгі таңда мемлекет аумағында 100-ден астам университет бар. ЖОО-ның 80 астамы тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің тіркеуінен өтті. Бұл дегеніміз олардағы оқу бағдарламалары барлық әлемдік стандарттар мен талаптарына толықтай  жауап береді деген сөз. Берілген баға білім мекемесінің беделін асырумен қатар халықаралық ынтымақтастық орнатудың аясын кеңейтеді, дейді мамандар. Айта кетейік, Қазақстандық тарап шетелдік университеттер мен оқу бағдарламаларын аккредитациялау үрдісіне белсенді түрде ат салысып жүр.

АЛИНА ЖҰМАҒҰЛОВА, ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІКТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Өзге мемлекеттердің үміт артып сеніммен қарауы – Қазақстан Республикасының үлкен жетістігі. Біз өз шекарамыздың аясын кеңейтіп жатырмыз. Ресей Федерациясы, Грузия мен Беларусь Республикаларында аккредитация жасауды жоспарлап отырмыз. Университеттерден өте көп өтініштер түсіп жатыр. Тіркелудің бұл түрі студенттер мен түлектерден сұхбат алуды да қамтиды. Өйткені сыртқы сарапшылық комиссиялардың әрбірінде жұмыс беруші мен студенттер қатысады.

Сарапшылардың айтуынша, аккредитация академиялық мобильдік пен жас мамандардың жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізеді.

Фото: qamshy.kz