Білім көшбасшылары форумы

«Болашаққа дайын түлектер». Елордада жоғарғы білім беру көшбасшыларының 8-ші  Еуразиялық форумы биыл осындай тақырыпты арқау етті. Ауқымды жиынға ТМД, Азия, Еуропа мен АҚШ-тың жетекші оқу орындарының басшылары, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық компаниялардың өкілдері, әлемнің 12 елінен 300-ден астам делегат келді. Қатысушылар білім беру саласының дамуы мен жаңашылдықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

ЧАРЛЬЗ ЗУКОВСКИ, НЬЮ-ЙОРК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ, АКАДЕМИЯЛЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АТҚАРУШЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ /АҚШ/:

- Менің ойымша, жастар, білім ала отырып мәдениетті, тарихты, тілді жете түсінуге ұмтылуы керек. Әрбір студент қоғам дамуындағы мәдени үрдістерді байқай білуі тиіс. Сонымен бірге, олардың болашақ мамандығында қажет болатын білімді де игергені маңызды. Сонда ғана экономика дамуы үшін қажет балансқа қол жеткізуге болады.

Фото: www.bilim.akipress.org