Қазақстан ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысады

Қазақстан ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысады

Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысады. Бүкіләлемдік көрмеде еліміздің павильоны ең ірілердің бірі болады. Оның аумағы  3500 шаршы метрді құрайды.

Сарапшылардың пікірінше, көрмеге Қазақстанның қатысуы 2017 жылы өз елінде ЭКСПО-ны ұйымдастыру кезінде республиканың жасаған үлкен жұмысының жалғасы іспеттес болады.

Халықаралық көрме барысында Қазақстан «жасыл» технологияларды дамытуға деген ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, көрме елдің имиджіне жағымды әсер етті.

ВИСЕНТЕ ЛОССЕРТАЛЕС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

- Астанада ұйымдастырылған ЭКСПО халықаралық көрмесі  - өтіп кеткен оқиға емес, бұл әлі де жалғасып келе жатқан жоба. Бұл елдеріңіздің Тұңғыш Президенітінің көрегендігі деп білемін. Бұл көзқарас елді дамытып, ілгерілетіп келеді. Елордада өткен ЭКСПО көрмесінің маңыздылығын, оның Қазақстан үшін мәнін азаматтар түсініп, әрі толықтай сезіне білуілері керек деп ойлаймын.

ЭКСПО көрмесі Дубайда 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтеді.

Көрме «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбында, оның ішінде «Мүмкіндік», «Мобильділік» және «Тұрақтылық» деген ұғымдардан тұрады. Ұйымдастырушылар көрмені 25 миллион адам тамашалайды деп күтуде.

Фото: expo2020dubai.com