ШЫҰ туризмді дамыту бойынша күш біріктіреді

ШЫҰ туризмді дамыту бойынша күш біріктіреді

Туризм саласындағы ынтымақтастық. Осы және саяхат бизнесі төңірегіндегі өзге де тақырыптарды Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм жөніндегі сараптамалық жұмыс тобы талқылады.

МАҚСАТ ДАМИР УУЛУ, ҚЫРҒЫЗСТАН МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз бизнес арасында ынтымақтастықты күшейтуді және туристік өнімдерді бірлесіп әзірлеуіміз үшін елдеріміз арасында белгілі бір туристік фестивальдер, көрмелер, жәрмеңкелер өткізуді ұсынамыз.

Отырыста жұмыс тобының  мүшелері «ШЫҰ сегіз кереметі» жобасының тұжырымдамасын таныстырды. Онда мәдени және тарихи мұра нысандары, сондай-ақ туристік бағыттар ұсынылды.

ВЕНКАТЕСАН  ДХАТТАРЕЙАН, ҮНДІСТАН ТУРИЗМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Бұл маңызды бастама. Ол ШЫҰ елдерінің туристік нысандарына назар аударуға мүмкіндік береді. Біз барлығы көргісі келетін елдердің ұлттық інжу-маржандарына шоғырлану маңызды деп санаймыз және осы ретте туристік маршруттарды дамыту қажет.

МАҚСАТ ДАМИР УУЛУ,  ҚЫРҒЫЗСТАН МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қырғызстанда Ыстықкөл туризм бағыты бойынша дамыған жер. Біз ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің назарын осы елдердің азаматтары бір-бірімен саяхаттай алуы үшін аудара алар едік.

Мамандардың айтуынша, ШЫҰ саммиті кезінде Қырғызстанның үлкен мүмкіндіктері бар ел ретінде өзіндік тұсаукесері болады. Сонымен қатар халықаралық маңызы бар іс-шара жаһандық кеңістіктегі елдің ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді, деп сендірді кездесуге қатысушылар.

Фото: neupusti.net