Арыста күн электр стансасы іске қосылады

Арыста күн электр стансасы іске қосылады

Түркістан облысында 14 МВт электр қуатын өндіретін күн электр стансасы салынып жатыр. Аумағы 30 гектар жерді алып жатқан станса отандық және франциялық компанияның біріккен жобасы және шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Оған Еуропалық даму банкінен 7 млрд теңге қаралған. Жоба қазан айында толық  іске қосылып, электр энергиясын жеткізуді бастайды. Бүгінгі таңда онда жұмыстың негізгі бөлігі аяқталған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

НҰРЛАН ҚАПЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Келесі жылы күн электр стансасын кеңейту жоспарланып отыр. Оңтүстік өңірде күн ыстық болғандықтан, күн қуатын өндіру жеңіл. Есесіне мұнда қуат көзі тапшы болып отыр.  Сондықтан болар бұл жобаның мақсаты – туындап отырған осы  мәселені шешіп, экологиялық жағдайды жақсарту.

Бұл жоба еліміздің жалпы өндірісінде баламалы энергия көзінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес ол 2020 жылға қарай 3%, ал 2050 жылға қарай 50% жетуі тиіс. Қазіргі уақытта жалпы қуаты 678 мегаватт болатын 74 жаңартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда тағы 10 жаңа нысанды толығымен іске қосу жоспарланған.

Фото: imeche.org