XVI Еуразиялық Медиа Форум өз жұмысын аяқтады

Бүгін Еуразиялық Медиа форум өз жұмысын аяқтады. Биылғы жиынға әлемнің 42 елінен 600-ден астам делегат қатысты. Шетелдік сарапшылар жаһандық және өңірлік трендтерді талқыға салды.

«Сенім дағдарысы. Жаһандық күштердің бөлінісі» панельдік сессиясы Еуразиялық медиафорумның маңызды тақырыптарының бірі болды.

БЕНИТА ФЕРРЕРО-ВАЛЬДНЕР, «EUROAMERICA» ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (АВСТРИЯ):

- Біз талқылаған ең басты мәселе – бұл өзгерту мен реформалауды қажет ететін халықаралық құқық пен заңдар. Ал оның соңғы мақсаты – Жер бетінде өмір сапасын арттыру.

Сарапшылар күресті тоқтатып, келісімге келетін кез болды деген ортақ пікірге келді. Бұл ретте Қазақстан жақсы мысал бола алады.

МАКСИМ ШЕВЧЕНКО, ЖУРНАЛИСТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ, БЛОГЕР, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ (РЕСЕЙ):

- Менің ойымша, Қазақстан билігі және ел халқы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мемлекеттілігі үшін берік негізін қалаған осы көпвекторлық саясатты ұстануы керек.

Блогосфераның  БАҚ-қа әсері медиа-форумның тағы бір маңызды тақырыптарының бірі болды. Соңғы жылдары журналистерді әлеуметтік желілердің белсенділері ығыстырып келеді. Сарапшылар этика және блоггерлердің принциптері туралы әңгімеледі.

ТУТТА ЛАРСЕН, ТЕЛЕРАДИОЖҮРГІЗУШІ (РЕСЕЙ):

- Бүгінде нақты адамдардың шынайы өмірін біз жай ғана бақылап қоймай, олардың тыныс-тіршілігін, қайда барғанын, не істегенін, қыр-сырын біліп жатамыз. Бұл журналистерге, сондай-ақ жоғары оқу орындарында шебер сөйлеуді, жазуды үйренген адамдарға тасталған үндеу деп ойлаймын.

Іс-шараның бас серіктесі - «Samruk-Kazyna» қоры. Медиафорумның қатысушылары 16 жыл бойы бұл форум өзектілігін жоғалтпай келе жатқандығын атап өтті.

Фото: eamedia.org