Жамбыл облысы баламалы энергия көздерін пайдаланудан көш бастап тұр

Жамбыл облысы баламалы энергия көздерін пайдаланудан көш бастап тұр

Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамытуда әлеуеті мол. Қазір елімізде жалпы қуаты 680 МВт болатын 74 жасыл энергия нысаны бар. Оның ішінде жыл басынан бері 7 станция пайдалануға берілді. Жыл  аяғына дейін тағы 10 нысан іске қосылмақ. Баламалы энергия көздерін пайдалану жағынан Жамбыл облысы көш бастап тұр. Аймақтың жасыл қуатты тұтынып жүргеніне биыл 8 жыл. Мұнда қазір қуаттылығы 168 МВт болатын 4 гидро, 3 күн және 3 жел электр станциясы жұмыс істейді. Ал жақында тағы екі ірі нысанның құрылысы басталды. Бірі 2019 жылдың қыркүйек айында, екіншісі 2020 жылы салынып бітеді. 2023 жылға дейін Жамбыл облысында жалпы құны 500 мыңнан астам теңге болатын 25 жаңартылатын энергия көздері толығымен пайдалануға берілмек.

НҰРЖАН ЕРЕЖЕПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Жаңартылған энергия көздерін пайдаланып, соны іске асыру үшін біздің климаттық жағдайымыз өте қолайлы. Болашақта 2019-2023 жылға дейін 25 жобаны іске асыру көзделуде. Объектілердің жалпы қуаты 1392 мегаватты құрайды.

2020 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия нысандарының саны 95-ке, 2021 жылы 119-ға дейін жеткізілмек. Осылайша, еліміздің жалпы энергетикалық балансындағы жаңғырмалы қуаттың үлесі 2050 жылға қарай 50 пайыз деңгейінде болады.

Фото: forbes.com