Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтуде

Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының  алтыншы форумы  өтуде. Басты тақырып – еріктілер қозғалысы. Әріптестерімен өз тәжірбиесімен бөлісуге еліміздің барлық өңірлерінен  мыңнан астам белсенді жастар жиналды. Олардың арасында Батыс Қазақстан облысының өкілдері де бар.

АЛПАМЫС НҰРҒУАТОВ, ЕРІКТІ:

- Егер Батыс Қазақстан бойынша 50 мың жастар өкілі болса, соның 20-25 мыңы Батыс Қазақстан облысындағы еріктілер қозғалысына қандай да бір қатысы бар.

Бұл форум халықаралық мәртебеге ие. Қостанайға Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының белсенділері келді. Ерікті-дәрігерлер,эко-еріктілер, корпоративтік еріктілерге қатысушылар және қарапайым еріктілер.

АНДРЕЙ ПЛАТОНОВ,ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ФЕДЕРАЛДЫҚ АГЕНТТІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (РЕСЕЙ):

- Ресейден ауқымды делегация келді. Өз қызметінде олардың жинаған, тәжірибесі аз емес. Бірақ бір жағынан Қазақстанда қолданылатын жұмыс  форматын көргіміз келеді. Менің білуімше, сіздерде тәжірибе жинақталған. Бұл жерде  стартаптар  жобасы бар  екендігіннен хабардармын.

Қазіргі кезде Қазақстанда 222 еріктілер ұйымы белсенді жұмыс істеуде.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:

- Волонтерлық – әмбебап және ыңғайлы жұмыс тәсілдерінің бірі. Себебі  волонтерлық қайырымдылық сияқты бірінші кезекте отансүйгіштікті қалыптастырып, нығайта түседі. Оны біз бұгінгі форумға қатысушылардың көңіл күйінен көріп отырмыз.

Осы форум аясында екіжақты ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды.

Фото: top-news.kz