XVI Еуразиялық медиафорум өтеді

Алматыда 22-24 мамыр аралығында 16-шы Еуразиялық медиафорум өтеді.

Жиынға дүниежүзінің 43 елінен 400-ден астам әлемдік медиакеңістіктегі беделді тұлғалар, азулы сарапшылар және әр салада өзін мойындатқан кәсіби мамандар қатыспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы бағдарлама ерекше мазмұнды болады. Сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағдайды ғана емес, сондай-ақ әлемнің геосаяси картасында, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де талқылайды. Панельді және пікірсайыс сессияларынан басқа, журналистерге шетелдік білікті медиа-сарапшылар шеберлік сағаттарын өткізеді. Атап айтар болсақ,  Австралиядан келген сарапшы Иво Бурум репортердің жұмысындағы соңғы үрдістер туралы айтып береді. Медиа-форумды ұйымдастыру комитеті шетелдік қонақтарға қазақ халқының мәдениеті және салт-дәстүрлерімен мүмкіндігінше танысу мақсатында кіріспе бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.

САНДУҒАШ РАҚЫМЖАНОВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМНЫҢ КОНТЕНТ  ДИРЕКТОРЫ:

- Жиынның биылғы тақырыбы «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы ма?» деп аталады. Осылайша біз бүгінгі әлеммен не болып жатқанын, осы әлемдегі қиындықтар туралы, бұқаралық ақпарат құралдарының бұған қалай жауап беру керек деген сұрақтарға жауап береміз.

Біз қандай да бір нақты қатерлерге, сынақтарға қалай әрекет етуіміз керек және, әрине, біздің алаңда, панельдік пікірталастарымызда, экология мәселелерін қоса алғанда, осындай маңызды және әлеуметтік мәселелерді көтереміз.

Фото: www.zakon.kz