ТМД бақылаушылары Миссиясының штабы өз жұмысын бастады

ТМД бақылаушылары Миссиясының штабы өз жұмысын бастады. Байқаушылар Сыртқы істер министрлігінен шақыру алды. Сайлаудың өту барысын бақылауға Қазақстанға 300 адам келеді. Олар сайлау науқанының дайындығы мен өткізілу тәртібінің заңға сәйкестігін қадағалайды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев бақылаушыларға сайлау науқанының барлық кезеңдері туралы, электораттық науқанның барлық кезеңдері, яғни ұсыну, тіркеу, сайлауалды үгіт, дауыс беру күні сондай-ақ, сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер туралы түсіндіріп берді. Еске сала кетейік, 2015 және 2016-ыншы жылдары өткен сайлау науқанына, ТМД елдерінен 700-ден астам байқаушы қатысқан болатын.

ВИКТОР ГУМИНСКИЙ, ТМД АТҚАРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- 90-ға жуық ТМД өкілі тіркеуге өтініш берді. Өтініштер әлі де түсіп жатыр. Бүгін 4 мемлекет ресми түрде өтініш жасады: Ресей Федерациясы, Беларусь және Тәжікстан, Түркменстан, сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан.