Музыка мен медицинаны тоғыстырған өнер маржаны

«Қоршаудағы виолончель: 75 жылдан кейінгі кездесу». Осындай атаумен  елордадағы Ұлттық кардиохирургиялық орталықта Ленинградтың жау қоршауынан босауына арналған қайырымдылық концерт өтті. Кештің басты кейіпкерлері орындаушылар емес, соғыс жылдарынан қалған музыкалық аспаптар болды. Мысалы, бұл рояльдің жасы жүз жылдан асады. Сұрапыл жылдары оны Ленинградтан алып шығып, Қазақстанға жеткізген. Бүгінде құнды жәдігер реставрацияланып, кардиоорталықтан орын алған. Ал мынау – 1941 жылы жасалған виолончель. Соғыс жылдарының куәгері болған аспапты Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік театр және музыкалық өнері мемлекеттік мұражайы Қазақстанның астанасына арнайы жеткізген.

НАТАЛЬЯ МЕТЕЛИЦА, САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕАТР ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

- Бұл екі үнсіз экспонат жас музыканттардың қолында тіріліп, музыка тілімен сөйлейді.

Кеш барысында «Астана Опера» театрының музыканттары Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыкалық өнер мұражайымен бірге Рахманинов пен Шостаковичтің шығармаларын, орыс романстары мен Ұлы дала туындыларын орындады. Бұл әуендер тыңдаушыларға болашақ ұрпаққа кемел болашақ сыйлау үшін өз өмірлерін сарп еткен батырлардың ерліктерін еске салды.

АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИН, РФ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

-  Бұл – айтуы оқиға. Себебі,  қоршауда қалған Ленинградты еске алсақ, оны қорғаушылар арасында қазақстандықтар көп болған. Бірнеше бөлімше Ленинград шетінде шайқасып, неміс-фашистік басқыншыларды тоқтата білді. Тағы бір айта кетерлігі, музыка әрқашан адамгершілік пен ізгіліктің жақтаушысы. Бұл біздің жауынгерлерімізді жеңуге шабыттандыра түскен әуендер.

Фото: www.ria.ru