Лондон «Бейбітшілік және бірлік» велошеруі

Қазақстандық велошабандоздар екі айда Еуропаның 7 мемлекетінде болып қайтпақ. Жастар жылына арналған Халықаралық веложарыс аясында спортшылар 50 қалаға атбасын тірейді. Алты адамнан тұратын команда Ұлыбритания астанасы Лондон қаласынан жолға шықты.

ТӨЛЕГЕН ТАСТАНБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Біздің велошеру «Бейбітшілік және бірлік» деп аталады. Ол Франция, Бельгия, Германия, Голландия, Польша, Беларусь, Ресей елдері арқылы өтеді.

Велошеру Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақ география қоғамы және Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның танымалдылығын арттырып, ең басты құндылығымыз - халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу болып табылады.

АЗАМАТ АТАНТАЙ, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Арамызда әртүрлі жастағы жастар, ұлт өкілдері бар. Тіпті қыздар да бізбен бірге еріп жүр. Біз әрине бірлік, татулық және салауатты өмір салтын насихаттағымыз келеді.

Отандастарымыз өз саяхаттарын Нұр-Сұлтанда Елорда күні қарсаңында аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, команда мүшелері әуесқой спортшылар.

Фото: www.24.kz