Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы

Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы

Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі әлемге үлгі. Қазақстан Халқы Ассамблеясының жиырма жетінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. Бүгінде әлемдегі мигранттардың саны 250 миллионннан асады, соның 70 миллионға жуығы – босқындар. Жер бетінде этносаралық алауыздық кесірінен тұтанған қақтығыстар қаншама. Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайға назар аударды. Ол тарихтан сабақ алып, ауызбіршілікті көздің қарашығындай сақтауға шақырды. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Қазақстан Халқы Ассемблеясының қызметін жаңа деңгейге шығару керектігіне тоқталды. Осыған байланысты елдің халықаралық байланыстарын нығайту үшін Ассамблея мен этно-мәдени орталықтардың іскер өкілдерін жұмылдыруды ұсынды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ҚХА ТӨРАҒАСЫ: 

 Халықтың береке-бірлігі патриотизмді және ортақ құндылықтарды дәріптеу арқылы нығаяды. Біз әл-ауқатымызды арттырып, жұртымызды биік мақсаттарға жұмылдыру үшін берік негізді қалыптастырдық. Ассамблеямыз әрдайым татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып қала береді деп сенемін. Баршаңызды келе жатқан Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

 

 

 

 

Фото: www.inform.kz