Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халқы  Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді

«Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру». Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті XXVII сессиясы осы тақырыпты арқау етеді. Жыл сайынғы дәстүрлі жиын биыл сәуірдің 29-ы  күні Бейбітшілік және Келісім сарайында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  төрағалығымен өтеді. Басқосуға мың жарымнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, діни ұйымдар мен зиялы қауым, ғылым және шығармашылық салалардың мамандары, БАҚ өкілдері болады.

ВИТАЛИЙ ТВАРИОНАС, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әр сессияда Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға үлкен міндеттер жүктейді. Кезекті басқосуды асыға күтеміз. Бұл жолы да қалыптасқан жақсы дәстүрге сай Елбасы берген тапсырмалар мен бағдарламалар, жаңа бастамалар сәтті жүзеге асатынына сенімдімін. Бүгінде бізде білімді негізге алған жастарымыз бар. Халқымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Ең бастысы осы көпұлтты мемлекеттің бірлігін сақтап, дамыта түсу.

Фото: akorda.kz