Елордада Н. Назарбаевтың түркі дүниесіндегі ролі туралы кітап жарық көрді

«Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» атты екі бірдей кітап оқырманға жол тартты. Бірінші туындыда Елбасының түркі дүниесіндегі бірлік пен берекені сақтап, өзара ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі айтылса, «Елорда эпопеясы» жаңа астананың тарихын қамтиды. Жарық көрген екі кітаптың да басты кейіпкері – Нұрсұлтан Назарбаев. Бүкіл түркі дүниесі Елбасын тәуелсіз елдің іргетасын қалаушы ғана емес  халықаралық аренадағы  беделді тұлға ретінде таниды.

ҚАДЫРӘЛІ ҚОНҚОБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

- Бұл жердегі ең басты нәрсе – мемлекеттілік. Мемлекет мықты болған жерде елдің де жағдайы мықты болады. Мемлекеттің дамығаны –  бұл елдің дамығаны. Сондықтан түрік ғаламы үшін бұл екі кітаптың жазылуы,  алты қырғыз оқымыстыларының, мемлекеттік қызметкерлердің, депутаттардың ой-пікірлері бар.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Жалпы жыл бойында 280-нен астам мақала жарық көрген. Ең көрнектілерін осы кітапқа енгіздік. Онда тек қана Қазақстандық қоғам қайреткерлері ғана емес, шетелдің мемлекет басшылары өздерінің Елордамызға байланысты пікірлерін білдірген.

Фото: presidentlibrary.kz