Нұр-Сұлтанда «Ұлы дала жастары» конференциясы өтті

«Ұлы Даланың жігерлі жастары: тарихи миссия және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру». Елордада осы тақырыпта жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Басқосуда отандық және шетелдік сарапшылар қоғамның санасын қалыптастыруда төл шежірені жаңғырту ісінің үлесін талқылады.

ЖАПСАРБАЙ ҚУАНЫШЕВ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Техннологиялар дамыған заман жастардың заманы деп есептеймін. Олай болса, жастар осы жұмысқа белсене араласу керек. Соның бел ортасында жүрулері керек.

Аға буынның ізін басқан жас ғалымдар жастар саясатын дамыту бойынша отты ойларын ортаға салды. «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын жүзеге асыру - тарихты түгендеудің бірден-бір жолы, дейді олар. 

ЛАУРА БИГАЛИЕВА, «МОЛОДЕЖЬ» ҒЗО АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ /РЕСЕЙ/:

- Менің қозғаған тақырыбым Ресей мен Қазақстанға тікелей қатысты. Ол жастар парламентаризмі. Яғни жастардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тетіктері бар арнайы ұйым. Мен осы елде жастар парламенті құрылып, тиімді жұмыс жасағанын қалаймын.                  

АИДА СЫЗДЫҚОВА, «МОЛОДЕЖЬ» ҒЗО АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

- «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстан үшін ерекше тәжірибе болды. Үш ай бойы 5 мың адам жұмыс жасады. Бұл әлеует әсіресе жастар жылы елдегі еріктілер қозғалысын дамытудың басты факторы болуы тиіс.

Конференцияны қабылданған резолюция тұйықтады. Қатысушылар Жастар жылы бірлігі жарасқан біртұтас әрі инновациялық-зияткер ұлт пен жаңа қазақстандық патриотизмді, еңбек етуге құштарлық пен рухани өнегелі қоғам қалыптастыруда күш-жігер біріктіру керек деп тарқасты.

Фото: caravan.kz