Медицина саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Түркия медицина саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті. Болашақта екі мемлекет сала бойынша тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асырады. Бауырлас елдер денсаулық сақтау жүйелерін ары қарай дамытуға ниетті, сонымен қатар халықаралық деңгейде жұмыс істемек. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық өндірісі, медициналық персоналды дайындау, медициналық туризмді дамыту және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтпек. Қолға алынатын нақты жобалардың бірі мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік жобасы аясында халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсететін қалалық ауруханалар салу болмақ.  

ХҮСЕЙИН АРСЛАН- «YDA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстан «PPP» деп аталатын мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы жобаларды жүзеге асыруға ыңғайлы ел. Біз осы жоба аясында Түркияда 4 аурухананың құрылысына кірістік. Келесі мақсатымыз, ата жұртымызда бұл жобаларды жүзеге асырып, инвестиция салу. Инвестициямыздың ерекшелігі, заманауи ғимаратпен бірге медициналық және әкімшілік қызметкерлерді оқытып, кәсіби біліктілікті қамтамасыз ету.

Фото: 365info.kz