Қазақстанда үшінші жел электр станциясы іске қосылады

Қазақстанда үшінші жел электр станциясы іске қосылады

Ақмола облысында жазда тағы бір жел электр станциясы іске қосылады. Оның құрылысы өткен күзде басталған еді. Аймақтағы үшінші станция Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елді мекенінде бой көтереді. Мұнда бағаналы 5 генератор қойылған. Олардың әрқайсысы 750 кВт энергия өндіреді. Станциядан шығатын электр энергиясының жалпы көлемі 3,75 мВт. Дат технологиясына негізделген жобаның құны шамамен 2 миллиард теңгеге жуықтайды.

АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жел қондырғылары ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған технологияның негізін пайдалана отырып жасалды. Жалпы алғанда, электр энергиясын Ақмола облысы, Көкшетау қаласы және оған жақын маңдағы учаскелер бойынша бөлу жоспарланып отыр.

Бүгінде Қазақстан энергия тиімділігі және энергия үнемдейтін жобаларды дамытуға мүдделі. Естеріңізге сала кетейік, келер жылы елімізде электр қуатын өндірудің жалпы көлеміндегі баламалы қуат көздерінің үлесін 3%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 50% құрайды.

Фото: intheblack.com