Білім стандарттары

Сапалы білім – жергілікті және әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің кепілі. «21ші ғасырдағы білім стандарттары қандай болуы керек?» деген сауалға елордада жиында жауап ізделді. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, жоғары оқу орындары беретін білімнің критерийлеріне өзекті оқу бағдарламасы мен кәсіби оқытушылар құрамынан өзге, әр түрлі халықаралық аккредитациялардан мерзімді түрде өтіп тұру жатады. Осы орайда сапалы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы мамандар даярлау қажеттілігі туындайды.