Петропавлдық студент киелі мекендерден тұратын бедерлі суреттер жиынтығын жасады

Петропавлдық студент киелі мекендерден тұратын бедерлі суреттер жиынтығын жасады

Қазақстанның киелі мекендері мен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері мен аңызға айналған эпорстық тұлғалар. Петропавлдық жас кәсіпкер әрі студент Жанат Кәкімов балаларға арналған гипске тегіс түсірілетін бедерлі суреттер жиынтығын жасап шығарады. Белсенді жасқа бұндай бизнес жоспар құру ойы мектеп жасында келіпті. Жастар корпусының грантын жеңіп алған ол мақсатын іс жүзінде жүзеге асыра алды. Алдымен макет құрылады. Кейін жонғыш білдекпен ағаштан қажетті пішіндер әзірленеді. Бұндай ойыншықтар бүлдіршіндердің ой-өрісі мен қимыл жүйесін жетілдіруге септеседі.

ЖАНАТ КАКИМОВ, СТУДЕНТ, КӘСІПКЕР:

- Жастайымнан кәсіпкер болуды армандайтынмын. Әрдайым ізденісте жүремін. Бір кездері балаларға осындай ойыншықтар қажет деген ой түсе қалды. Тіпті туған өлкені тануға қатысты ойыншықтар мүлдем жоқ деуге болады. Балалар осы арқылы  Абылай хан кім болғанын, қандай жерлер бар екенін білсе деймін. Осылай бойларына отансүйгіштік қасиетті ұялатқым келеді.

Жанат бүгінге дейін өз командасымен 500-ден астам ойыншық жинағын жасап шығарған. Оның тың бастамасы жастар корпусының үздік жобалары қатарынан көрінді.                                      

Жақын арада жас кәсіпкер Қостанай облысының көрікті жерлеріне арналған 3D моделді мүсіндер жасауды жоспарлап отыр.

Фото: inform.kz