Астана-Ташкент автобус бағыты ашылды

Астана-Ташкент автобус бағыты ашылды

Астана мен Ташкент арасын автобус қатынасы байланыстырады. Екі республиканың бас қалаларының арасында халықаралық бағыттағы қоғамдық көлік жүре бастады. 1 мың 646 шақырым жолды автобус шамамен 28 сағатта жүріп өтеді. Халықаралық бағыттағы қоғамдық көлік қос тараптан күнделікті түрде жүреді.

СУННАТУЛЛА АБДУКАСИМОВ, ЖОЛАУШЫ:

 - Қос ел астанасын байланыстыратын көлік бағытының ашылғанына қуаныштымын. Халықаралық бағыттағы автобуспен кеденнен өту де қолайлы. Оған қоса шекарада жасыл дәлізді пайдалануға болады.

ДАТҚА ӘБЖАППАРОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

-  Алғашында автобус күн сайын жүреді. Жолаушылар көп болып, сұраныс артып жатса, кестені күніне 4 ретке дейін жиілетуге болады.

Жалпы бұл екі ел арасындағы жетінші автобус бағыты болып отыр. Қазір Ташкенттен Алматы, Шымкент, Түркістан мен Қызылорда облысына жолаушылар көлігі тұрақты жүреді. Қос ел басшысының ортақ келісімі аясында ашылған автобус жолаушыларына шекарада да көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл барыс-келіс пен алыс-берістің жақсаруына негіз болмақ. Айта кетейік, былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд 488 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары.  Биыл қос тарап бұл көлемді еселеуді жоспарлап отыр.

Фото: total.kz