«Нұр Отан» съезінде айқындалған міндеттерді орындауға партия мүшелері кірісуге дайын

«Нұр Отан» съезінде айқындалған міндеттерді орындауға партия мүшелері кірісуге дайын

«Нұр Отан» съезінде айқындалған міндеттерді орындауға партия мүшелері бірден кірісуге дайын. Білім беру саласындағы реформаларды жалғастыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жастарға қолдауды күшейту, әлеуметтік жобаларды іске асыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту партияның саяси бағдарламасында белгіленген 10 мақсаттардың қатарында. Олар 2030 жылға дейінгі аралықты қамтиды.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Мемлекеттен жақсы қолдау болатыны бүгін бекіді. Сондықтан біздің өңірде де жұмысты бастайтын боламыз. Әсіресе жастарды еңбекке тарту жұмысы. Әлеуметтік қолдау жақсы. Бірақ еңбекке бейімделген болса, біз одан да жақсы дамитын боламыз. Өз кәсібін ашатын адамдарға мүмкіндік тауып берсек, шағын несиелермен қолдасақ, сонда жақсы болады.

МҰРАТ РАУШАНОВ, КӨПІР ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ТЕМІРБЕТОН ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ең бірінші, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру керек деп, елбасы айтып кетті. Оның ішінде медицина, білім саласы, тағы да басқа салаларды қарап өтті. Экономика жағдайын, басқа да жағдайды партияның съезінде қабылдап, жүзеге асырамыз деп ойлаймыз.

Фото: 24.kz