«Нұр Отан» партиясының съезі: Білім саласындағы реформалар жалғасын табады

«Нұр Отан» партиясының съезі: Білім саласындағы реформалар жалғасын табады

«Нұр Отан» партиясының съезінде қойылған мақсат-міндеттер жастарды игі істерге ынталандырады, дейді қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар және ұстаздар қауымы. 2030 жылға дейінгі бағдарламада бірінші кезекте, жас буын өкілдерін қолдау және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне баса назар аударылатын болады. Жалпы сарапшылар «Нұр Отан» партиясының биылғы съезін ерекше деп атады.

БОЛАТБЕК АБДРАСИЛОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

-  Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешуге және жастарды, көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді, зейнеткерлерді қолдауға ерекше назар аударады. 20 жыл бойы біздің партия осы мәселелерді шешуге ден қойып келеді. Біздің бағдарлама әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосады деп ойлаймын.

ШОЛПАН ЕШКЕЕВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Бағдарламада әлеуметтік экономикалық реформалар көрініс тапқан. Жұмыстың бәрі халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Жастарды да ынталандыратын жағдайлар бар.

Фото: egemen.kz