Қазақстанда газ-кен орындарын геологиялық барлау жандандырылады

Қазақстанда газ-кен орындарын геологиялық барлау жандандырылады. 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаны Энергетика министрлігі мен ұлттық мұнай өндіруші компания әзірлеуде. Ол жыл соңына дейін бекітілмек. Сала басшысы Қанат Бозымбаевтың  айтуынша, былтыр елімізде газ өндірісінің 2017 жылмен салыстырғандағы өсімі 5 пайыз болған. Ал ағымдағы жылы еліміз 55 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Тауарлық газ өндіру көлемі де 5,4 пайызға артып, 33,3 млрд текше метр болды. Ал сұйытылған газдың өткен жылғы өндірілген көлемі 3,1 млн тоннаны құрады. Өсім 7,3 процент. Газ экспорты 12,7 пайызға артып,  19,4 млрд текше метрге жетті.

Биыл отандық мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарлануда. Бұл үшін арнайы заңнамалық база әзірленіп жатыр. 2019 жылы нарық толықтай отандық бензин, дизель отыны және авиакеросинмен қамтылады, - дейді министр. Дизель отынының қысқы маркасы бойынша ғана жетіспеушілік байқалуы мүмкін.

Сурет burneft.ru сайтынан алынды.