Ақтауда «Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер» атты форум өтті

Ақтауда «Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер» атты форум өтті

Маңғыстау өңірі жаһандық деңгейдегі жастар шаралары өтетін орталыққа айналмақ. Ақтаудағы «Жастар жылы-жаңа мүмкіндіктер» атты өңірлік форумда өскелең ұрпақты қолдауға арналған ауқымды бастамалар ұсынылды. Мамырда аса күткен оқиғалардың бірі «Ақтау марафоны-2019» шарасы өтпек. Жиында белгілі спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар бас қосатын болады. Шараға Каспий маңы елдерінің тұрғындары ғана емес, жақын және алыс шетелдің азаматтары да қатыса алады. Ұйымдастырушылар мегаакция теңіз бойындағы шаһардың танымалдығын арттырады деген сенімде. Жалпы Маңғыстау өңірінің имиджіне де оң әсерін тигізетін болады. Тамызда Ақтау саммитіне орайластырылған шекаралас елдер жастарының әріптестігіне арналған  форум өтпек.

МИРЛАН ХАЖГЕРЕЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ  ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл ауылға 250 жас маман бармақ. Оларға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Тағы бір «Нұр-Капитал» өңірлік бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама аясында жас кәсіпкерлерге 1 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін қаражат бөлінеді.

Жастар жылы оқиғаға қанық болады. Жастардың ШЫҰ лигасы өзара байланыс жөніндегі өз ұсыныстарын жасап үлгерді. Олар қазақстандық әріптестерімен бірге ірі жастар форумын ұйымдастыруды жоспарлауда. Ұйым өкілдерінің айтуынша, лиганың биылғы жоспары ауқымды. Мәселен, олар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер жастарының хабын құруды көздеп отыр. 

ОЛИМ АЛИМОВ, ШОС ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 - Біз Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жас өкілдері ретінде қазақстандық жастардың барлық ресурстарды пайдаланатындары қуантады. Оларды ел үкіметі ұсынып отыр. Баспана, кәсіпкерлікті дамыту, білім сынды салалар қамтылған. Олар жастар үшін аса қажет. Осындай жағдай жасалса, кез келген жас қоғамдық жұмыстарда белсенді болады деген ойдамын.

Елбасы өзінің жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Ол оқу орындарындағы білім сапасын арттырып, әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен әріптестікті нығайтуды тапсырды. Сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылатын болады.