«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры толық қуатына шықты

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры толық қуатына шықты

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры толық қуатына шықты. Қызылорда облысында көгілдір отын тасымалдау жүйесінің маңызды нысаны қолданысқа берілді. Нәтижесінде магистральді газ құбырының өткізгіштік қуаты жылына 10 млрд текше метрден 15 млрд текше метрге дейін артты. Бұл ретте оңтүстік өңірлердің көгілдір отын қажеттілігі толығымен жабылып, Қазақстанның экспорттық әлеуеті арта түсті. Газдың үштен бір бөлігі Қытайға экспортталады.

МҰХАТАЙ ШАҢБАТЫРОВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл – заманауи жаңадан шыққан технологиялар. Америкадан шығатын агрегаттар орташа есеппен әрқайсысы 12 мегаватт қуат береді. Жылдық газ айдау көлемі 15 млрд текшеге дейін жеткізілді.

Бұл – соңғы 2 ай ішінде қолданысқа берілген 3-ші жоғарытехнологиялық станция. Бұған дейін, өткен жылдың соңында 2 компрессорлық станция іске қосылған болатын.

МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Компрессорлық станцияның пайдалануға берілуінен экономикалық және әлеуметтік әсер көп болмақ.  Жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі артады. Компрессорлық станцияның айналасында бизнес нысандары ашылады.