Қазақстанда Жастар жылы 70 шара өтеді

Қазақстанда Жастар жылы 70 шара өтеді

2019 жас қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер жылы болмақ. Елімізде жастар жылы шеңберінде 70 шара жоспарланған. Қоғамдық даму министрлігі 2019 жылдың Жол картасының жобасын әзірледі. Оған мерекелік даталармен бірге, әлеуметтік маңызды жобалар да енгізілді. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарды қолдау күшейтілмек. Сонымен бірге 2019 жылы жас кәсіпкерлер мен ғалымдарға бөлінетін гранттар саны арттырылатын болады.  

АСХАТ ОРАЛОВ, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ М.А.:

 - Жол картасы жастардың барлық санаттарына қолдау көрсетуді қарастырады. Өзекті мәселелердің бірі – сапалы әрі қолжетімді білім беру, жас отбасыларды баспанамен қамту.