«Kazakh TV» – 5 тілде хабар тарататын тұңғыш спутниктік телеарна

«Kazakh TV» - көпарналы хабар тарату жүйесін алғашқы болып іске қосқан отандық және Орталық Азиядағы жалғыз телеарна. Арнамыз корпустық режимде аптаның 7 күні 24 сағат бойы қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек тілдерінде хабарлар таратады. Сандық телеарнаның абоненттері қажет тілді өздері таңдай алады. Бұл үшін пульттің көмегімен қажет дыбыс жолағын күйге келтірсе жеткілікті. Ол үшін пульттегі «меню» пернесін басып, «аудио» бөліміне кіріп, ұсынылған бес тілдің бірін таңдау керек. Қазақстан мен Орталық Азияның тамыры терең тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүріне, тамылжыған табиғатына арналған жобаларды өзіңіз қалаған тілде көру енді оңай. Өзіңіз қалаған тілде сүйікті бағдарламаларыңызды көріп, көзайым болыңыз!

Еске салсақ, «Kazakh TV» телеарнасы әлемнің 100-ден астам мемлекетінде хабар таратады. Бұл қатарға Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері де кіретінін атап өту қажет. Телеарнаның жалпы аудиториясы 300 миллион көрерменге жетеді.