Биыл Маңғыстау облысында Каспий маңы мемлекеттері жастарының форумы өтеді

Биыл Маңғыстау облысында Каспий маңы мемлекеттері жастарының форумы өтеді

Биыл жазда Маңғыстау облысында Каспий маңы мемлекеттері жастарының форумы өтеді. Халықаралық шара Ақтау саммитінің 1 жылдығына орай ұйымдастырылады. «Жастар достығы – 2019» форумына әр елден 100-ге жуық өкіл келіп қатысады деген жоспар бар. Олар жас депутаттар, саясаткерлер, ғалымдар мен жас спортшылар. Бұл – Маңғыстауда Жастар жылы аясында жүзеге асырылатын 100 жобаның бірі ғана. Өңірде биыл жастар марафонын ұйымдастыру көзделіп отыр. Оған Каспий маңы елдерінен ғана емес, дүниежүзі елдерінен танымал тұлғалар шақырылады.

БАУЫРЖАН ТҰЯҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Дүниежүзі бойынша әр қаланы таныту, имиджін көтеру мақсатында осындай марафондар өткізіледі. Берлин марафоны, Бостон марафоны, Лондон марафоны. Мысалы қазір Астана мен Алматы қаласында да үлкен белсенділік болып отыр. Біз Ақтау қаласында мамыр айында өткізуді жоспарлап отырмыз. Халықаралық деңгейдегі дүниежүзінің атлеттері мен желаяқтарын шақырамыз.