Қазақстанда STEM-білімді дамыту

Қазақстанда STEM-білімді дамыту

Қазақстанда STEM-білім беру жүйесі қарқынды дамытылуда. Ақтаулық мектептердің бірінде оқушылар компьютерлік бағдарламалар жазып, ІТ-технологиялар әліпбиін жаттап жүр. 5-ші класс оқушысы Жасұлан Боранбай теңіз бетіндегі және жағажайдағы қоқысты жинауға машықтанған робот жасап шығарған. Бұл жоба республикалық «Зерде» байқауының қалалық кезеңінде екінші орынды иемденді.

ЖАСҰЛАН БОРАНБАЙ, ОҚУШЫ:

 - Екі мотор арқылы екі қалақшаларын айналдырып тұр. Мысалы оның алдында қоқыс тұр делік. Ол қоқысқа қарай жүзіп келеді де көтергіш механизмімен қоқыс салатын жәшігіне салып алады. Бұл адамдардың жұмысын жеңілдетеді. Және өздігімен қоқыстарды жинайды. Үшіншіден, бұл табиғатқа еш зияны жоқ.

Робот техникасы үйірмесіне келушілер үшін бұл жай ғана әуестік емес. Келешекте 3D модельдеумен айналысатындар үшін алғашқы кәсіби қадам деуге болады. Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нәзира Қыдырбаева жасанды қол құрастырған. Ол үшін белсендендірілген көмір, пластик пен плата ғана қажет болыпты.

НАЗИРА ҚЫДЫРБАЕВА, НЗМ ОҚУШЫСЫ:

 - Датчик жұмыс істемейтін қолға бекітіледі. Адам қолын қимылдатқанда, бұлшық еттері жиырылады. Осының әсерінен датчик Ардуино платосына белгі береді.

Мамандардың айтуынша, осындай SТЕМ-зертханалар балалардың қабілеттерін ашып, білімге деген құштарлықтарын оятуға септігін тигізеді.