Білім саласындағы ынтымақтастық

Білім саласындағы ынтымақтастық

Білім саласындағы туризм. Қазақстанның осы бағытты дамытудағы әлеуеті жетерлік, дейді сарапшылар. Республиканың жоғары оқу орындарын көбінесе ТМД елдерінің жастары таңдайды. Алыстан келіп, білім алушы студенттер де жоқ емес. Бүгінде Қазақстан Түркия, Венгрия, Франция, Италия, Ресей, Үндістан елдерімен білім саласында тиімді ынтымақтастық орнатқан. Жақында Көкшетауға медицина бакалавры мамандығы бойынша оқуға Үндістаннан жастар келді. Қазақстанда 5 жыл білім алған соң, олар екі жыл интернатураны өз елдерінде өтеді. Оқу ақысы мен шығындардың барлығын Үндістан тарапы көтереді. Жалпы, Көкшетау университетінде қазір 27 үндістандық студенттен бөлек, көрші елдерден келген тағы 7 жас білім алып жатыр. Келешекте олардың қатары артады.

ТАНВИР КХАН, СТУДЕНТ:

-  Маған мұнда барлығы ұнады. Қала да, оқу орны да, мұғалімдер де жақсы. Оқу бітірген соң Үндістанға барып, білікті доктор атанғым келеді.

СВЕТЛАНА МҰРАТБЕКОВА, МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

 - Желтоқсанның аяғында тағы балалар келеді. Сонда шамамен 50-70 баладай осында биыл оқитын болады. Ендігі жылы тағы 70-100 баладай келіп оқиды. Осы балаларға сабақты ағылшын тілінде беретін мұғалімдер жеткілікті.