G-Global жобалары мен Ұлы Жібек жолын дамыту жөніндегі орталық ашылды

G-Global жобалары мен Ұлы Жібек жолын дамыту жөніндегі орталық ашылды

Тұрақты даму мәселелері, экологиялық апаттарға тойтарыс беру, экономикалық теңсіздікті азайту және өмір сұру сапасын көтеру. G-global жобалары мен Ұлы Жібек Жолын дамыту жөніндегі орталық заманауи жаһандық мәселелерді шешудің инновациялық, кешенді тәсілдерін әзірлемек. Орталық Астанадағы Еуразия ұлттық университеті жанынан ашылып отыр. Ол үкіметтік емес ұйымдармен байланысты нығайтып қана қоймай, G-Global жобаларын дамытудың жаңа инновациялық әдістемелерін құрастырмақ.

СЕРІК НҮГЕРБЕКОВ, G-GLOBAL ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ:

-  Қазіргі таңда G-Global елбасының әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауға ие болған халықаралық жобаларын біріктіреді. «Атом» жобасы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің, әлемдік діндер съезі, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Астана экономикалық форумы солардың қатарында. Соңғы қолға алынған жоба – «Ұлы Жібек жолы». Қазіргі уақытта біз оны белсенді түрде жүргізіп жатырмыз.