Ақсу индустриалды аймағындағы алғашқы кәсіпорын

Ақсу индустриалды аймағындағы алғашқы кәсіпорын

Павлодар облысының Ақсу индустриалды аймағында ерекше өндіріс іске қосылды. Бұл кешен қалдықтарды өңдейтін болады. Олардан таза металлургиялық концентрат алынбақ.  Бірнеше жыл ішінде 8 млн тоннаға жуық өнәркәсіп қалдықтары жиналыпты. Ай сайын кешен олардың 80 мың тоннасын қайта өңдеуге қауқарлы. Технология қалдықтан феррохром, ал өңделген шикізаттан құрылыс және отқа төзімді сұйықтық, қиыршық тас пен құм алады. Алдағы уақытта қалдықтары өңдеу көлемін бірнеше есеге арттыру көзделуде.

СТАНИСЛАВ ГОЛОВИН, ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Өндірістің екінші кезегі бұл көлемді 120 мың тоннаға дейін арттыруға жол ашады. Сондықтан оны 2019 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Өндірістің 3-ші кезегі де болады. Ол кезде біз  қалдықтарды өңдеу көлемін ай сайын 160 мың тоннаға жеткізбекпіз.

Өңдеудің инновациялық тәсілінің арқасында кешен жыл бойы жұмыс істей алады. Ауа райы еш әсер етпейді. Өндірістің барлық технологиясы автоматтандырылған. Ал шығарылатын өнім негізінен экспортқа жөнелтіледі. Ақсу индустриялды аймағының алып жатқан аумағы 140 гектардан асады.

БАЛҒАБАЙ ЫБЫРАЕВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Мұнда қайта өңдеумен, өндіріспен айналысатын көптеген цех болады деп ойлаймын. Агроөнеркәсіп кешені де қызығушылық танытып отыр. Көкөніс сақтау қоймалары, жылыжай сынды орындар керек болады.

Индустриалды аймаққа құбыр желілерімен су өткізілген. Барлық қызмет арзандатылған тариф бойынша жүзеге асырылады. Бұл, әрине, инвесторлар үшін аса маңызды. Олар мұнда аз энергия жұмсайтын өндірістерді жүзеге асыруға ниетті.