10 желтоқсан – елорданы Астанаға көшірген күн

10 желтоқсан – елорданы Астанаға көшірген күн

Елдің басты экономикалық орталықтарына жақын, географиялық орналасуы тиімді, демографиялық әлеуеті зор әрі қолайлы қоршаған ортасы бар. Осыдан тура 21 жыл бұрын елдің жаңа елордасы осындай талаптармен таңдалған болатын. 1997 жылы 10 желтоқсанда астанамыз Алматыдан Ақмолаға ресми түрде көшірілді.

ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, СӘУЛЕТШІ:

 - Қазіргі дүние жүзінде құрылып жатқан қалалардың ерекшелігі неде? Біріншіден, мұндай тегіс жерге, өте суық дейміз, резко-континентальный дейміз. Сонда жерге қаланың құрылуы үлкен жаңалық деп айтса болады. Өйткені бізде архитектурада симбиоз дейді, метаболизм дейді. Ол дегеніміз табиғатпен үйлесім табу, табиғатпен байланысты қала құрылымын соғу.

Сондықтан да кезінде Астана қаласының құрылысына табиғат пен шаһар симбиозы деген идея берілген. 21 жыл өтсе де елордада жыл сайын бірнеше ғимарат пен тұрғын үй бой көтеруде. Алдағы уақытта оң жағалауды жаңарту жоспарланып отыр.

АРСЕНИЙ ПИРОЖКОВ, «АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ ҒЗЖИ» БАС СӘУЛЕТШІСІ:

- Мәселен, Хан шатыр сауда орталығының арқа жағы Нұржол желекжолының жалғасы іспетті болмақ. Бұл аумақта ірі нысандар, тұрғын үйлер салынады. Ал Жаңа Нұрлы жол вокзалының аумағына қарай Мыңжылдық аллеясы салынады, қазір инвесторлар мен жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда Астана елдің көшбасшы қаласына айналып үлгерді. Жас елордамыз жаңа мыңжылдықтағы тың өзгерістерге арқау болып отыр.