«Kazakh TV» телеарнасының жобасы туризм бойынша үздік атанды

«Kazakh TV» телеарнасының жобасы туризм бойынша үздік атанды

«Хабар» агенттігіне қарасты «Kazakh TV» телеарнасы Ұлттық туризм марапатының «Үздік тележоба» аталымын жеңіп алды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған байқау қорытындысы бүгін елордада жарияланды. Биыл марапат 17 ресми және 2 арнайы номинация бойынша берілді. Ал оған 160 -тан астам өтініш түскен. Шараның негізгі мақсаты – турстік мәдениетті қалыптастырып, қызметтің сапасын арттыру және туризмді дамытуға септігін тигізіп жүрген іскерлерді ынталандыру. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ұлттық туризм марапатының мүсіншесі табысталды.

Гауһар Жеңісбек, «Kazakh Tourism» АҚ департамент директоры:

– Байқау негізінен үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша туризм саласындағы эксперттер бір шешім жасады. Екінші интернеттен онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асты. Қазақстандықтар өздері дауыстарын беріп жатты.

Максим Левитин, OutdoorKZ бағдарламасының продюсері, жүргізушісі:

– Біздің бағдарлама «Хабар» Агенттігіне  қарасты «Kazakh TV» арнасынан шығады. Еліміздің туристік жерлерін аралап, көрерменге әсем табиғатымызды насихаттаймыз. Әсіресе, көпшілік біле бермейтін табиғаты тұмса мекендерді көрсетеміз. Еңбегіміздің еленіп жатқанына қуаныштымыз. Барша жеңімпаздарды құттықтаймын.

OutdoorKZ бағдарламасының шығарылымдарын мына сілтемеден көре аласыздар.