Еңбек нарығының келешегі

Еңбек нарығының келешегі

Цифрландыру үрдісі еңбек нарығына елеулі өзгерістер әкелмек. Күнде қайталанып, жалықтыратын жұмыстар сандық күйге көшеді. Яғни есепші, заңгер мен кассир сынды қызметтер автоматтандырылатын болады. Ал зияткерлікті талап ететін қызметтер, креативтілік пен дизайн өнеріне, керісінше, сұраныс артады. Өйткені роботтар әзірге мұндай қызметтерді алмастыра алмайды. Болжам бойынша, роботтар 2033 жылға дейін жұмыс орындарының 47 процентін атқара алмақ. Ал  бір адам өмірінде кем дегенде 5-6 мамандық өзгертетін болады. Жер шары тұрғындары қартайып жатқандықтан, жас мамандарға артылатын жүк ауырламақ. Өйткені олар жұмыстың мейлінше көп ауқымын атқарады. Еңбек нарығының өзгерістерін зерттейтін мамандар осындай болжам жасап отыр. Тиісті министрліктегілер жаһандық өзгерістерге сай болу үшін тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр,-дейді.

ЖЕҢІСБЕК ДУЛАТОВ,  ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Жұмыссыз қалмайды адамдар. Оларды жаңа салаларға оқытамыз. Біздің еңбек бағдарламамыз бойынша тек қана жұмыссыз адамдарға ғана емес, жұмыс істеп жатқан адамдарды да оқытамыз. Ол не себепті? Бізге қазіргі жұмыс істеп жатқан адамдарды жаңа салаларға оқыту керек. Ертең цифрландыру, модернизация болса, олардың жаңа құрал-жабдықтарда жұмыс істеулеріне мүмкіндіктері болады.

АЛЕССАНДРО ГОЛИО, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ЭЫДҰ ДИРЕКТОРАТЫ:

-  Өзгерістер негізінен өндірістік секторда болады деп есептеледі. Алайда міндетті түрде солай болады деген сөз емес. Қызмет көрсету саласында да, жалпы барлық секторларда аңғарылады. Болашақта еңбек қорларының мобильділігі дамитын болады. Біліктілікті қалыптастыруда білім берудің рөлі барынша артады.