Латвияда тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Латвияда тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Қазақтың ұлттық дәстүрлі тоғызқұмалақ ойыны еуропалықтардың көңілін жаулауда. Латвияның Олайне қаласының тұрғындары бұл ойыннан жарысқа да қатысып отыр. Оларға тоғызқұмалақтың мыңжылдық тарихы ғана айтылмай, жеңіске жетудің құпиялары да ашылды. Мұндай жарысты жыл сайын өткізу көзделуде.

- Бізге тоғызқұмалақ ойынын көрсетті.  Әдетте екі нәрсені бір уақытта жадымызда сақтау қиын. Ал мұнда 19–ын бірдей есте сақтап қалу керек. 

Қазақтың ұлттық ақыл-ой ойыны Германия, Чехия, Франция, Швейцария және Колумбия елдерінде танымал. Ал елімізде 200 мыңнан астам адам тоғызқұмалақ ойнайды. 2019 жылы Түркияда тоғызқұмалақтан V Әлем чемпионаты өтпек.