Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» 10 жылдығына арналған форумға қатысты

Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» 10 жылдығына арналған форумға қатысты

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады». Осы қағиданы ұстанған «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылғанына – 10 жыл. Осы атаулы датаға орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада «Ұлы дала мұрагерлері» атты форум өтті. Зияткерлік мектептері қазірдің өзінде математикалық сауаттылық жағынан әлемде үздік ондыққа кіреді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Зияткерлік мектептер еліміздегі орта білім берудің ең жоғарғы эталонына айналды. Еліміздің барлық мектептері сіздерге қарап бой түзейді. Барлық Қазақстанда ашылған 20 мектепті бүгінге дейін 8 мың оқушы бітіріп шықты. Мұнда қазақша айтқанда мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққандар ғана түсе алады.

Он жылдың бедерінде Назарбаев зияткерлік мектептерінен 8 мың оқушы қанат қаққан. Форум барысында, Президент білім беру ұйымдарын одан әрі дамыту жолдарын айқындады. Мәселен, инновациялық технологияларды енгізу арқылы жас ұрпақты жаңа қарым-қабілеттерге баулу, «STEAM» дайындығын жетілдіру қажеттігін айтты. Сонымен қатар білім беру жүйесіне тағы бір шетел тілінің енгізілетіні мәлім болды. Сөз соңында Президент 2068 жылғы, яғни 50 жылдан кейінгі мектеп оқушыларына хат жазып, уақыт капсуласын қалдырды.