Ежелгі Қастек қаласында археологиялық заттар табылды

Ежелгі Қастек қаласында археологиялық заттар табылды

Алматы облысының Қастек қаласында археологтар бірегей шыны бұйымдар тапты. Сонымен қатар ғалымдар шахмат фигураларын, монеталарды, металл және керамикалық бұйымдарды да қазып алды. Алғашқысы піл сүйегінен жасалған және мұнда Үндістан елінен Ұлы Жібек жолы бойы арқылы келген. Археологтардың айтуынша, барлығы Кастек қалашығында жасалды. Бірақ бұндай қызықты археологиялық құнды заттар жақында ғана табылып отыр.

АРНАБАЙ НҰРЖАНОВ, АРХЕОЛОГ:

 - Биыл біз пинцет пен скальпельді таптық. Бұл орта ғасырларда өмір сүрген адамдар операция жасағандығын білдіреді. Жалпы Қазақстанда тұңғыш рет тіс щеткасы табылды. VIII ғасырда ата-бабаларымыз жылқының жалынан жасалған тіс щеткасын қолданған. Еуропаны қараңыз. Венеция қашан пайда болды? Тек XIV ғасырда. Ал біздің ата-бабаларымыз 7 ғасыр бұрын әйнектен бұйымдар жасай білген.  Олар әйнектің төрт түрін қолданған: терезе, графиндер және шыныаяқтар. Тіпті біреуінде жазулар да бар. Бұл мәдениеттің жоғары дамығандығын білдіреді.

Ғалымдардың айтуынша, ортағасырлық қалалардың ішінде Кастек қаласы өте үлкен болған. Жалпы аумағы 30 гектар жерді құраған. Бүгінде оның бір гектар аумағы ғана зерттелген. Осының өзінен ғалымдар кең көпір үстімен керуендердің қала кіргендігін айтып берді. Оны өз кезегінде 16 күзетші бақылап тұрған. Қастектің сәулет көрінісі ерекше болды. Орталық Азия қалаларында қамалдар, шахристандар мен рабаттар болған емес.

АРНАБАЙ НҰРЖАНОВ, АРХЕОЛОГ:

-  VII ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл түркі кеңсесі сияқты болды. Қарлұқ кезінде ол кеңейіп, қала сияқты болды. Қаланың ерекше гүлденуі Қараханидтер дәуірінде болған. Қала шамамен 700 жыл, XIV ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген.

Археологтардың айтуынша, Алматы мен Қордай асуының аралығында Қастек сынды ортағасырлық 14 қала бар. Оларды әрине әлі де зерттеу қажет. Ғалымдар атап өткендей, мұндай археологиялық құнды заттар дамыған қалалық өркениеттің Қазақстан аумағында болғанын тағы да дәлелдейді.