Экстермизмнің алдын алу

«Жастардың діни сауаттылығы – экстремизмнің алдын алудың негізгі факторы». «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында өткен кездесуде қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын осылай деді. Қатысушылар жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің шараларын талқылады. 

БЕРІК АРЫН, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-  Мен жастарды біз жүзеге асырып жатқан шаралардан хабардар еттім. Қазақстандық исламтану мектебі жобасының қолға алынғандығы жайлы айттым. Бұл, ең алдымен, ислам дінінің Қазақстан аумағында пайда болуы, тарауы мен дамуын зерттеуге арналған. Ол жайлы жастар білулері керек.

Кездесуде Қазақстан студенттер альянсы, Жастар конгресі , ұлттық еріктілер желісі мен өзге ұйымдардың өкілдері бас қосты. Енді олардың өздері экстремизмнің алдын алуға байланысты ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізбек.

ЖАННА КӘРІМОВА, «ЖАСТАР» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің міндетіміз – жастармен сапалы жұмыс жүргізу. Осындай жиындардың аясында жастар терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға байланысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қоя алады. Бастысы, бұл салада қандай жұмыс атқарылып жатқандығы жайлы ақпарат алатын болады. Бұл аса маңызды тұстардың бірі деп есептеймін.

2019 жыл – Қазақстандағы жастар жылы деп жарияланған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, діни сауаттылықты арттыру мен экстермизмнің алдын алуға баса назар аударылмақ.