2 мың жылға дейін сақталатын Самарқанның жібек қағазы

2 мың жылға дейін сақталатын Самарқанның жібек қағазы

Қағаз емес, өнер туындысы. Бұл – жылтырлығы мен тегістігі үшін жібек қағаз деп аталып кеткен өнім шығаратын фабрика. Самарқанд маңындағы Конигил мекенінде жайғасқан. Мұнда қағаз өндірісінде мыңдаған жылдар бұрын қолданылған шикізат пен технология әлі де пайдаланылады. Орта Азияда қалыптасқан бұл көне өнер қайта жанданып отыр. Қолдан жасалғандықтан, мұндай өнімнің бағасы арзан емес.  

ХАБИБА ПУЛАТОВА, ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Біз қағазды 1 жылдық тұт ағашы бұтағының қабығынан жасаймыз. Алдымен оны суға салып, қабығын алып тастаймыз. Тазалағаннан кейін басқа түске өзгереді. Бірақ әлі қатты, үзілмейді. Қолмен тартып созсақ, талшықтарды көруге болады. Шикізатымызды жұмсарту үшін қазанда 4-5 сағат қайнатамыз. 

Кейін оны езіп, арнайы ыдыста ерітеді. Бұдан соң елеуіш арқылы судан тазартылады. Сонда елеуіштің бетінде болашақ қағаз қабаты ғана қалады. Ендігі іс – мұны тығыздағышқа жіберу. Ол жазда 3-4 сағат, ал қыста 3-4 күн кептіріледі. Кейін қатпарлы қағазды тегістеу керек. Міне, ол жылтырап шыға келді.

ЗАРИФ МУХТАРОВ, ФАБРИКАСЫ ИЕСІ:

 - 1998 жылы қағаздың алғашқы үлгісін әзірледік. Технологияны жетілдіріп, рецепт табу үшін үйде 5 жылдай тәжірибе жасадық. Тұт ағашының талшықтары ұзын. Сондықтан олар бір-бірімен жабысып, өте берік болады. Әрі ұзақмерзімді. Мұндай қағаздан оқығанда көз шаршамайды. Өйткені қағаздың түсі қоңырлау. Сиямен қатты  контраст жоқ.

Кәсіпорында күніне 100-150 бет қағаз шығарылады. Өйткені барлық үрдіс толықтай қолмен жасалады. Бұл қағаздан кітаптан бастап, киім-кешекке дейін жасауға болады. Қарапайым қағазға қарағанда ол 2 мың жылға дейін сақталады.