Қазақстан-Жапония: Медициналық білім саласындағы инновациялар

Қазақстан-Жапония: Медициналық білім саласындағы инновациялар

Медициналық білім саласында әлемнің озық ғылыми орталықтарымен байланыстарды тереңдету. Семей ядролық медицина және онкология орталығы Жапонияның Нагасаки медициналық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оның аясында қос тарап бірлескен зерттеу жобаларын қолға алып, академиялық және білім бағыттарындағы байланыстарын кеңейте түседі. Сондай-ақ онкологиялық ауруларды емдеу саласында инновациялық технологияларды ендіруде бірлесе жұмыс жүргізу де қарастырылған. Құжатқа Семейде «Медициналық білімді, ғылымды және тәжірбиені жаңғыртудағы инновациялық тәсілдер» атты халықаралық конференцияда қол қойылды. Оған әлемнің 8 елінен 300-ден астам делегат қатысты.

ЙОШИХИРО НОСО, ПРОФЕССОР /ЖАПОНИЯ/:

-  Біз университетпен көптен бері бірге жұмыс істеп келеміз. Біздің бірлескен жобаларымыз өте көп. Негізінен олар радиациялық қауіпсіздікпен байланысты. Үнемі тәжірибе алмасамыз. Қазақстанның студенттері Жапонияға жиі барады.

КУНО ЛЕМАН, ПРОФЕССОР /ШВЕЙЦАРИЯ/:

 - Мені сіздердегі айтарлықтай тәжірибелі  ядролық медицина және онкология орталығы өте таң қалдырды.  Швейцарияның барлық қалаларында осы сіздердегідей медициналық жабдық бола бермейді.