Жоғары оқу орындарының рейтингі

Жоғары оқу орындарының рейтингі

Қазақстанда жоғары оқу орындарының маман даярлау сапасына қойылатын талаптар күшейтіледі. Енді білім ордаларының қызметі жаңа көрсеткіштер бойынша бағаланады. Ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасу тиімділігі назарға алынбақ. Оқу орнын аяқтап, жеке кәсіп ашқан жастар да есептелетін болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингін көтеру үшін әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікті дамытуға және шетелден үздік мамандарды жұмысқа шақыру қажеттігін айтқан болатын.

ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Оқыту бағдарламасы нарық сұранысына бейімделген оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Тиісінше, түлектері де жұмысқа тез орналасып, ұзақ уақыт еңбек етеді. Жұмыс берушінің талаптарына сәйкес жасалған бағдарлама бойынша қызмет жасайтын жоғары оқу орындарының түлектері алға қойған мақсаттарына тез жетеді.