«Хабар» Агенттігі MIPCOM көрмесінде қандай жобалар ұсынды?

«Хабар» Агенттігі MIPCOM көрмесінде қандай жобалар ұсынды?

Телевизиялық өнімдердің «алтын ғасыры» жалғасуда. Канн қаласындағы MIPCOM аудиобейне контент көрмесінде бүкіл әлемнің медиа компаниялары тоғысты. Жаһандық телевизия индустриясы үшін маңызды шараға 110 елден 20 мыңнан астам қатысушы жиылған. Медиа контент нарығында жыл сайын бәсекелестік артып келеді. Сондықтан көрерменге жол тартатын өнімдерге қойылар талап қатал. Аудиторияның назарын жаулайтын бірегей өнімдер саны арта түскен. Көрмеде қытайлық медиаөндірістің үлгілері ерекше аталып өтті.

ШОН КОЭН, A + E ЖЕЛІСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Биылғы жыл шығарылымының маңызды тенденциясы – UHD 4K. Алдағы уақытта 4К контентінің қолжетімділігі арта түседі. Мұның артықшылығы көп. Ол көрермендерді ерекше телевизиялық саяхатқа жетелейтін болады. Бұл телеарналардың өнімдеріне деген қызығушылықты арттыратыны анық.

Бұл көрмеде «Хабар»  Агенттігі де телехикаялар, деректі фильмдер, Қазақстан жайында түсірілген туристік жобалар сынды төл телеөнімдерін ұсынды. Кейбір жобаларды  «Хабар»  «Discovery» - мен бірлесе  жасаған болатын.  Жақында «Discovery Atlas» және «How It’s Made»  атты туындылар көрерменге жол тартпақ.