MIPCOM: «Хабар» Агенттігінің жобалары

MIPCOM: «Хабар» Агенттігінің жобалары

«Хабар» Агенттігі халықаралық деңгейге шығады. Телекомпания Канн қаласында өтіп жатқан MIPCOM аудиобейне контент көрмесінде телехикаялар, деректі фильмдер, Қазақстан жайында түсірілген туристік жобалар сынды төл телеөнімдерін ұсынды. Бұл – әлем бойынша бағдарламалар, фильм өндірушілерінің басын біріктіретін халықаралық алаң. Көрмеде «Хабар» «Discovery» - «Discovery Atlas»және «How It’s Made-пен» бірлесіп жасаған қос жобаны көрсетті. Оның бірі – түрлі елдердің мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертер көркем фильмдер циклі. Сондай-ақ өндірістің технологиялық үрдісін толықтай ашатын деректі сериал.

АЙКҮМІС СЕКСЕМБАЕВА, «ХАБАР»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 - MIPCOM көрмесінде өзіміздің сериал өнімдерімізді ұсынамыз. Жылына комедия, мелодрама, детектив сынды түрлі жанрларда 10-12 телехикая түсіреміз. Біздің жаңа жобаларымыздың бірі - «Батырлар жолы» сериалы. Бұл келер жылы көрерменге жол тартатын тарихи драма. Жаңа кинотуынды 12 эпизодтан құралған. MIPCOM қатысушыларына Қазақстан жалпы Орталық Азияның өткені жайында түсірілген тарихи драммалар аса қызықты екенін байқадық.

АННА ШАЙТЗАХ, РЕСЕЙ, ТМД БОЙЫНША «DISCOVERY»-ДІҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ:

 - «Discovery Atlas Kazakhstan» - бұл 4К және  HD форматында шығатын бір сағаттық бағдарлама. Оны тамашалаған адам бір ғана сағаттың ішінде Қазақстанның барлық аумағын аралап шыққандай әсерде қалады. Жоғары сапада түсірілген бейнематериалдар Қазақстанның көпшілікке беймәлім әсем жерлерімен таныстырады. «Бұл қалай жасалған?» жобасының әрбірі 30 минуттық 10 эпизодтан тұратын сериал. Ол Қазақстанда ғана жасалатын өнімдер жайында екжей-текжейлі баяндайды.

MIPCOM көрмесін жыл сайын 10 мыңнан астам маман тамашалайтынын айта кеткен жөн. Дәстүрлі шара телекомпания өнімінің нарықтық аясын кеңейтіп, саланың жаңалықтарынан хабардар ететін халықаралық алаңға айналды.